КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
1. Лауазым: Бастауыш сыныптары бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектепалды даярлық тобына, кәсіптік бағдар бойынша 1 бірлік бос тұрған тұрақты орынға конкурс жариялаймыз.
2. Лауазымдық жалақысы 140000-160000тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
3. Конкурсты өткізу мерзімі: 29.09.2023 жылы. Сағ10.00
4.Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің А.Байтұрсынұлы атындағы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
5.Мекеменің мекен-жайы:
Шу қаласы Сыпатай батыр көшесі 134
Анықтама байланыс телефоны: 8(7473610235)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат ( идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген, бар болса);
4) Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30-қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Наркологиялық ұйымнан анықтама
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың,педаго-сарапшының,педагог-зерттеушінің,педагог-шебердің біліктілік санатының болуы және директордың оқу тәрбие ісі бойынша 1-3 санаттары туралы куәлік (болған жағдайда)
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:25.09.2023-28.09.2023жж.