Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия Парламентті Президентінің сайлауы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда 25 қыркүйек күні дәстүрлі түрде Гимназия Парламенттінің Президентін сайлауы өткізілді. Призидент болуға 6 үміткер ұсынылды. Атап айтсақ, 9А сынып оқушысы Бақытжанқызы Айым, 9Б сынып оқушысы Рыскелді Анель, 9Г сынып оқушысы Тұрарбек Тұрсын, 10А сынып оқушысы Мұхамеджан Жәния, 10Б сынып оқушысы Асан Аяулым, 10Г сынып оқушысы Саханова Екатерина, өздерінің сайлау алды бағдарламаларын жасақтап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлау рәсімі жабық түрде дауыс беру арқылы өтті. Сайлау рәсімінде дауыс беруге ұстаздар мен 4-11 сынып оқушылары қатысты. Дауыс беру уақыты таңғы сағат 10.00 басталып, 17.00 де аяқталды. 27 қыркүйек күні салтанатты жиын өтіп, сайлау комиссиясының төрайымы ДТІЖО Джуманбаева Ғ.М, Диханбаева И.Ж., аға тәлімгер Көпбосынова А.М. және 8-11 сыныптың өкілдері дауыстарды санап, үміткерлердің қанша дауыс жинағанын жариялады. Сайлауда 4-11 сынып оқушылары арасынан 468 оқушы дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша 10А сынып оқушысы Мұхамеджан Жәния 38% дауыс жинап, "Гимназия Президенті" атанды, қалған үміткерлер Мектеп Парламентінің мүшелері болып тағайындалды.