ИНТЕРНЕТТІҢ СЕНІҢ ӨМІРІҢЕ БЕРЕТІН ӘСЕРІ ҚАНДАЙ? Бүкіл әлемде ғаламторды пайдаланбайтын адам мыңның бірі. Дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы белсенді түрде интернет игіліктерін іс жүзінде қолданады. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағат ғаламторға жіпсіз байланады.
ИНТЕРНЕТТІҢ СЕНІҢ ӨМІРІҢЕ БЕРЕТІН ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?
Бүкіл әлемде ғаламторды пайдаланбайтын адам мыңның бірі. Дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы белсенді түрде интернет игіліктерін іс жүзінде қолданады. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағат ғаламторға жіпсіз байланады.
Ал енді ғаламтордың пайдасын тізбектей кетейін :
Интернеттен не керек бәрін табасың. Әсіресе, студенттер және мектеп оқушылары реферат, мағлұматтар, шығарма және т.б алады. Қазірдің өзінде интернет арқылы тест тапсырып, интернет арқылы сабақ алып жатқандар да бар. Сондай- ақ интернет арқылы жұмыс істеп, сол арқылы ақша табуға да болады.
Ал зиянына келетін болсақ: Британдық биологтар арнайы зерттеу жүргізе келіп, мынандай қорытынды жасап отыр: «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді». Өздеріңізге белгілі, жүйкеге салмақ түсуі дегеніңіз - ойлау қабілетінің төмендеуі, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы. Негізінен, компьютердің алдында отырып, жұмыс істейтіндердің шағымданатын сырқат белгілері екі топқа бөлінеді: