“А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия” КММ
кезектен тыс әдістемелік отырысы
№ 4 хаттамасы
Шу қаласы 25 қараша 2024 жыл
Қатысқаны жалпы-66 педагог
Күн тәртібі:
1. Мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулармен таныстыру туралы
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп педагогтарына Мемлекеттік жалпыға міндетті Стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатқаны туралы гимназия директоры
Э.Ш Ахметова, ДОІЖО А.Б.Камысбаева мен ДТІЖО Д.У. Омарова таныстырды.
Қолданыстағы Стандарт пен жаңа Стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулардың айырмашылықтарына тоқтам жасалды. Стандарт жобасын таныстыруда стандарт құрылымы, құндылықтар, стандарттың қолданыс аясы, нормалары мен толықтыруларға шолу жасалды.
Сонымен қатар жалпы ережелері: осы Стандарт талаптарын оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін, педагогтердің біліктілігін арттыру курстары бағдарламаларының мазмұнын әзірлеуде, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектепішілік бақылауда, педагогтерді аттестаттауда, оқыту нәтижелерін бағалауда, білім алушыларды қорытынды аттестаттау және білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуде орындау міндетті екені айтылды.
Жобадағы өзгерістер мен толықтырулар енген келесі бөлімдеріне талдама жасалды: стандарттардың қолданылу салалары, білім мазмұнына қойылатын талаптар, бастауыш білім берудің базалық құндылықтары, негізгі орта білім берудің базалық құндылықтары, педагогикалық тәсілдеме, көптілді білім беру, инклюзивті білім беру: негізгі талаптары мен тәсілдері, бастауыш білім берудің білім беру салалары, пәнаралық біріктіру, білім стандарттарының «бағалау» бөліміне кіріспе, білім беру салалары бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер, кәсіптік бағдар беру және әлеуметтік gpa бағалау, бастауыш / негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыру мониторингі бөлімдеріне талдама жасалды
Ұсыныс:
1. Стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулармен ұжымды жетік таныстыру.