Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясы КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    ХАБАРЛАМА «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия» КММ


    ХАБАРЛАМА
    «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия» КММ
    Келесі бос орындарға конкурс жариялайды:
    1.Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі– 1 бірлік,уақытша қызметіне 2025-2026 оқу жылына;
    2.Математика пәні мұғалімі (орыс тілді) -1 бірлік, тұрақты қызметіне;
    3.Математика пәні мұғалімі (орыс тілді) -1 бірлік, тұрақты қызметіне ;
    4.Химия пәні мұғалімі (орыс тілді) -1 бірлік, тұрақты қызметіне;
    6. Технология (ұлдар) -8 сағат, уақытша қызметіне; 2025-2026 оқу жылына;
    7. Музыка пәні мұғалімі (орыс,қазақ тілді) -1 бірлік,тұрақты қызметіне:
    8. География пәні мұғалімі-(орыс тілді) -1 бірлік, тұрақты қызметіне
    9.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі -16 сағат, уақытша қызметіне; 2025-2026 оқу жылына;
    КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ:
    1. Лауазымдық жалақысы: 180.000-280.000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
    2. Конкурсты өткізу мерзімі: 03.09.2025 жылы сағат 10-00 де.
    3. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    4. Мекеменің мекен-жайы: Шу қаласы Сыпатай көшесі №134 «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «А.Байтұрсынұлы» КММ. Анықтама байланыс телефоны:+77473610235
    Почта: Baitursynulyakhmet@yandex.kz
    Лауазымдық міндеттері: негізгі функционалдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
    білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
    білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
    білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
    пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;
    бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
    журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;
    оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
    оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
    білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
    оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;
    білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;
    инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;
    ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;
    арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;
    интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;
    әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
    ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;
    ата-аналарға кеңес береді;
    кәсіби құзыреттілікті арттырады;
    еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
    білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
    ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
    тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;
    білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
    еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары:
    еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес төленеді;
    Құжаттар тізімі:
    1) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
    4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
    7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
    8 ) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
    9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
    10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
    11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
    12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
    Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.08-27.08.2025ж
    30.08.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки