Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясы КММ
  • kz
  • ru
  • Профориентациялық көмек

    Шу ауданының білім бөлімінің әдістемелік жылдық жоспарына сәйкес 2024 жылдың наурыз айы - "Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру" айлығы болып бекітілді. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясында айлық аясында "Менің таңдауым - менің болашағым" атты 10 "Б" сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушылар еліміздегі ең үздік 5 мамандық түрлерімен таныстырып, мамандықтың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ойларын айтты. Соңында болашақ мамандығы ретінде таңдау жасап отырған оқушылардың мамандыққа деген бейімдігін, әрі қабілеттерін тексеру үшін тапсырмалар берілді.






    Гимназия оқушыларымен "Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру" айлығының жоспарына сәйкес мамандық түрлерімен таныстыру үшін топсеруендер ұйымдастырылды. "Шу қаласы - Теміржолшылар қаласы" деп бекер айтпаған шығар. Шынымен де теміржолдың әр саласында осы мамандық бойынша халықтың 70 %-ті жұмыс жасайды. Сол себепті біз оқушыларды Шу қаласы "Теміржол жөндеу" ЖШС "Қамқор локомотив" филиалының мамандарымен таныстыруды жөн көрдік. Топсеруен 2024 жылы наурыз айының 18 күні ұйымдастырылды. Оқушыларды инженер маманы теміржолға қатысты техникаларға қандай жөндеу жұмыстары жүретіні жайлы және сварщик маманы мен кран жүргізушілерімен таныстырды. Оқушылар кран жүргізушісінің жұмысына куә болды. Қызықтыратын сауалдарын маманға қойып, өз жауаптарын алды.





    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки