Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия да білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында 1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне арналған «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға 1-11 сынып оқушылары, 1 сынып ата-аналары қатысты.
Жиынды гимназия директоры Ахметова Эльмира Шакировна ашып берді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып алдағы уақытта жақсы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді, мектеп ұжымы мен мектеп оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтады және жаз айларында жетістікке жеткен оқушыларды марапаттады. Жаңа оқу жылындағы құттықтаулардан кейін жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең шумақтарын оқыды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге мектеп директоры Ахметова Э.Ш. салтанатты түрде «Әліппе» мен «Букварь» оқулықтарын табыстады. Ал 11 сынып оқушылары 1 сынып оқушылырына дайындаған сыйлықтарын табыстады.