*Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда "Суды үнемде – болашақты сақта!" атты сынып сағаты өтті*
*Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда "Суды үнемде – болашақты сақта!" атты сынып сағаты өтті*
2025 жылғы сәуір айында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда 1–11 сыныптар арасында *"Суды үнемде – болашақты сақта!"* атты сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара *экологиялық тәрбие* мен *табиғатты қорғауға деген жауапкершілік* сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
*Сынып сағатының мақсаты:*
- Оқушыларға су ресурстарының маңызын түсіндіру;
- Суды үнемдеудің жолдарын ұсыну;
- Табиғатты аялауға баулу және экологиялық мәдениетті дамыту.
*Сынып сағаты барысында:*
- Судың жер бетіндегі таралуы туралы қызықты мәліметтер айтылды;
- "Су – тіршілік көзі" тақырыбында бейнероликтер көрсетілді;
- Суды үнемдеуге қатысты көрнекі парақшалар мен слайдтар пайдаланылды;
- Оқушылар арасында шағын пікірталас, сұрақ-жауап ұйымдастырылды.