"Таза Қазақстан" экологиялық жобасы аясында табиғатты қорғау, жасыл желекті көбейту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерін тәжірибе арқылы зерттеу мақсатында тұқым отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысы:
10-сынып оқушылары жаратылыстану пәндері бірлестігінің мұғалімдерімен бірлесе отырып, арша, бозарша, қарағай және шырша тұқымдарын егу жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс кезеңдері:
Оқушыларға ашық тұқымды өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, табиғаттағы рөлі, экологиялық маңызы туралы қысқаша мәлімет берілді. Оқушылар төрт топқа бөлінді.Әр топқа 4 түрлі ағаштың тұқымы (арша, бозарша, қарағай, шырша) берілді. Тұқымдар алдымен арнайы қағазда сұрыпталып, тексеріліп, дымқыл сулы майлық арасына салынып, өндіру кезеңінен өткізілді. Тұқымдар өнгеннен кейін, пластик контейнерлерге арнайы топыраққа отырғызды. Әрбір отырғызылған тұқымға атауы жазылған жапсырма жабыстырды. Тұқымдар өсіп шыққанға дейін оқушылар күнделікті ылғалдылығын қадағалап, топырақтың кебіп кетпеуін бақылайды. Бұл кезеңде оқушылар өз зерттеу күнделігін жүргізіп отырады.
Нәтижелер: Барлығы 35-тен астам тұқым отырғызылып, олардың 70%-ы сәтті өнді. Оқушылар өсімдіктердің өсу сатысын өз көздерімен бақылап, табиғатқа деген қамқорлық сезімін терең түсінді. Жобаның қорытынды кезеңінде шағын көрме ұйымдастырылып, ең сәтті өсіп шыққан тұқымдарды көрсетеді.
Қорытынды: Бұл жоба оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруда үлкен рөл атқарады. Ашық тұқымды өсімдіктердің өнгенін өз көздерімен көріп, оны баптау арқылы 10-сынып оқушылары тәжірибелік дағдыға ие болды.