Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясы КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    2025–2026 оқу жылы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жиналыстың хаттамасы № 1 Күні: «_02» __09__ 2025 жыл Өткізілген орны: Мектептің мәжіліс залы Қатысқандар: Мектеп инспекторлары Тойбаев А.Қ. Кумеков Н. 9-11 сынып оқушылары.ДТІЖО Оспанбаева Д.Н., ДҚТІЖО Тилекеев А.К.


    2025–2026 оқу жылы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жиналыстың хаттамасы
    № 1
    Күні: «_02» __09__ 2025 жыл
    Өткізілген орны: Мектептің мәжіліс залы
    Қатысқандар: Мектеп инспекторлары Тойбаев А.Қ. Кумеков Н.
    9-11 сынып оқушылары.ДТІЖО Оспанбаева Д.Н., ДҚТІЖО Тилекеев А.К.
    Күн тәртібі:
    1. 2025–2026 оқу жылында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын қадағалау.
    2. Оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру және құқықтық тәрбие беру жолдары.
    3. Әртүрлі мәселелер.
    Бірінші сұрақ бойынша ДТІЖО Оспанбаева Д.Н., төмендегі жолдарды оқушыларға ескертті. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру – құқық бұзушылықтың алдын алудағы ең маңызды шаралардың бірі. Себебі бос уақыт дұрыс бағытталмаса, жасөспірімдер әртүрлі теріс әрекеттерге бейім болуы мүмкін.
    Тиімді ұйымдастыру жолдары:
    1. Мектеп ішіндегі үйірмелер мен секциялар:спорт (футбол, волейбол, күрес, шахмат т.б.);өнер (ән, би, сурет, қолөнер);ІТ және робототехника;кітап оқу клубтары.
    2. Мәдени іс-шаралар:театр, музей, кітапханаға саяхаттар;тарихи, мәдени ескерткіштерге экскурсиялар; ұлттық мерекелерге арналған байқаулар мен кештер.
    3. Қоғамдық пайдалы жұмыстар:мектеп ауласын абаттандыру, көгалдандыру
    еріктілер қозғалысына қатысу;қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету.
    Екінші сұрақ бойыынша ДҚТІЖО Тилекеев А.К.
    Біздің мақсатымыз – құқық бұзушылықты болдырмау ғана емес, ең алдымен, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға деген құрмет сезімін арттыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Осы орайда мынадай міндеттер алға қойылады:
    Сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарында құқықтық тақырыптарды жүйелі түрде өткізу;
    Құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру;
    Әлеуметтік педагог пен психологтың бірлескен жұмысы арқылы оқушылардың мінез-құлқына тұрақты мониторинг жүргізу;
    Оқушылардың бос уақытын спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге тарту;
    «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбиелік іс-шараларды жандандыру.
    Үшінші сұрақ бойынша мектеп инспекторлары Тойбаев А.Қ. Кумеков Н.
    Бүгінгі жиналысымыздың басты тақырыбы – құқық бұзушылықтың алдын алу. Соңғы жылдары жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен тәртіп бұзу жағдайларының алдын алу мақсатында мектеп пен полиция арасындағы бірлескен жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде.
    2025–2026 оқу жылында біз келесі мәселелерге назар аударуға тиіспіз:
    Оқушылар арасында әкімшілік құқық бұзушылыққа (темекі тарту, қоғамдық орындарда тәртіп сақтамау, сабақтан себепсіз қалу) жол бермеу;
    Кәмелетке толмағандардың коменданттық сағатты бұзбауын қадағалау;
    Интернеттегі қауіпсіздікті, яғни кибербуллинг пен құқыққа қайшы контенттің алдын алу;
    Оқушыларды көше қылмыстарына, жағымсыз топтарға тартуға жол бермеу.
    Инспектор ретінде айтарым, әрбір оқушы өз құқығы мен міндетін білуі тиіс. Ол үшін біз мектеппен бірлесіп:құқықтық сабақтар, дәрістер, дөңгелек үстелдер өткіземіз;
    ата-аналарға балалардың бос уақытын бақылау, қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде кеңес береміз;
    03.09.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки