Күн тәртібі:
1.Педагогтерді аттестаттау қағидалары мен шарттары туралы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша гимназияның директорының орынбасары Камысбаева А.Б педагогтарға педагогтерді аттестаттау қағидалары мен шарттары туралы таныстырды.
Қағидаға 2-қосымшамен бекітілген норма 2025 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және ол норма бойынша педагогтердің құжаттары. Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы (бұдан әрі - Платформа) арқылы қабылданып, сол жерде аттестаттау жүргізілуі тиіс.Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) әзірлеуде. Бұйрық жобасына сәйкес педагогтерді аттестаттау рәсімі Платформа арқылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын туралы. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап аттестаттау: - Платформа арқылы - «педагог Платформа арқылы - «педагог-модератор», «педагог-сарапшы біліктілік санаттары бар педагогтерді Платформа арқылы, «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы», «бірінші санаттағы басшы», «үшінші санаттағы басшы орынбасары», «екінші санаттағы басшы орынбасары», «бірінші санаттағы басшы орынбасары» біліктілік санаттары бар педагогтердің құжаттары қабылданатын болады деп жоспарлануда. Педагогтің материалдары (портфолиосы)Платформада әртүрлі дерекқорлардан құжаттарды (мәліметтерді) жинау және өңдеу арқылы қалыптастырылады.
Дерекқорларда құжаттар (мәліметтер) жетіспеген жағдайда білім беру ұйымының жауапты тұлғасының (бұдан әрі – Жауапты тұлға) деректерді қолмен енгізуіне жол беріледі. Осы ретте, Платформаға педагогтердің құжаттарын (портфолиосын) енгізетін Жауапты тұлғаны белгілеп, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекіту қажет.Бүгінгі күнде бұйрық бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Камысбаева А.Б бекітілді. Материалдарды (портфолионы) қалыптастыру кезінде дәйексіз мәліметтер ұсыну фактісі анықталған жағдайда әр педагог дербес жауапты болады. Енгізілген материалдардың дұрыстығына немесе жалған болуына Жауапты тұлға жауапкершілік алмайды. Комиссия педагогтің материалдарына (портфолиосына) өзгерістер немесе толықтырулар енгізуге құқығы жоқ. Бұйрық жобасында Аттестаттау комиссиясының қызметін қайталайтын Сараптама кеңесін құру және олардың қызметіне қатысты нормалар алынып тасталды. Педагогтердің білімін бағалауға қатысты: - Ұлттық тестілеу орталығының базасында қаңтар айларында Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) өткізілуіне байланысты педагогтердің білімін бағалау (бұдан әрі – ПББ) 2025 жылдың ақпан-шілде аралығында өткізу жоспарлануда. ПББ өткізу мерзімдері ҚР Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен бекітілетін болады; - 2025 жылы педагогтер ПББ-дан өту кезінде тек пәндік білімдерінен тест тапсырады; - білім беру ұйымдарының басшылары, басшы орынбасарлары негізгі лауазымы бойынша да, пәнді оқытқан жағдайда педагог ретінде де жылына екі реттен (жалпы 4 рет) ПББ-дан өте алады. Сонымен қатар, бұрын белгіленгендей 22025 жылдан бастап педагогтер «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санатын растаған жағдайда ПББ тапсырудан босатылады. Алайда бұл санаттағы педагогтердің қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауы (портфолио) қатаң қадағаланатын болады.
Сонымен қатар,информатика пәнінің мұғалімі Щепель Кристина Анатольевна гимназия ұжымын «Ұстаз» платформасымен таныстырып өтті.