Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясы КММ
  • kz
  • ru
  • Все новости

    08.09.2025ж күні «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде шәкірттерді ғылыми ізденістерге тартуда ұстаздары елеулі жұмыстар атқарып келеді.


    08.09.2025ж күні «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде шәкірттерді ғылыми ізденістерге тартуда ұстаздары елеулі жұмыстар атқарып келеді. 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі өткізілді.
    Мақсаты- Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерінің ашылуына оқушыларға мүмкіндіктер жасау.Ғылымға қызығушылық танытқан талантты, дарынды оқушыларды ғылымға баулу.
    Білім – әрқашан адамзаттың ұлы мұраты, асыл болмыс – бітімі, рухани байлығы. Сондықтан ұстаздар жастар білімін өркендету жолында аянбай еңбек етіп, жас ұрпақты игілікті істерге құрметтеп, қарауға жұмылдыруда. Әдетте, алыс жолға шыққан жолаушы барар жерін бағыттап, жүрер жолын бағамдап алады. Біздер де жарқын болашаққа бет алған жолаушы сияқтымыз. Рухани жан-дүниесі мол, білімді, дарынды, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда бағытымыз айқын.
    Комиссия төрайымы -Естаева Азиза Тоқсабайқызы,гимназия директоры.
    Комиссия мүшелері:
    1.Родина Лидия Артуровна, педагог-шебер,бастауыш сынып мұғалімі
    2.Жашкеева Лейла Болатбековна,педагог-зерттеуші,биология пәнінің мұғалімі
    3.Зинченко Наталья Петровна,педагог-зерттеуші,география пәнінің мұғалімі
    Комиссия хатшысы- Жолшыбек Айгуль Алдашбековна,директордың БОІЖ орынбасары.
    17.09.2025
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки